Компания туралы

PETROSUN» ЖШС компаниясы Қазақстан Республикасында 2012 жылы 17 қаңтарда тіркелген.
Компанияға қатысушылар болып:
1. «Қазақстандағы ҚҰМК ИНТЕРНАЦИОНАЛ» ЖШС
2. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ
Компания қызметінің негізгі түрлері болып төмендегілер табылады:
- Сыртқы экономикалық қызмет, сауда-коммерциялық және экспорттық-импорттық операциялар;
- Көмірсутекті шикізат пен көмірсутекті шикізатты қайта өңдеу өнімдерін саудаласу;
- Көмірсутекті шикізат пен оны қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу;
- Қазақстан Республикасы аймағында және одан тыс жерде мұнайды, газды, мұнай өнімдерін және жанар-жағармай материалдарын (әрі қарай - «ЖЖМ») сатып алу және қайта өңдеу, соның ішінде, табиғи монополия саласын қоспағанда, мұнай мен мұнай өнімдерін,көмірсутектерді, және оларды өңдеу өнімдерін дайындау, сақтау, маркетингі және саудалау, үлестіру, импорттау мен экспорттау, материалдық-техникалық жабдықтау;
- Мұнай өнімдерін сатып алу, сақтау және ауыстырып тиеу; және де
- Мұнай өнімдерін тасымалдау.

Біздің серіктестер


Шикі мұнай менеджменті 

• Шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушыларынан сатып алу.
• Мұнайды МӨЗ-де өңдеу талаптарын келісу және шарттарын жасасу
• Мұнайдың қайта өңдеу мақсатында «ПҚОП» ЖШС, «ПМХЗ» ЖШС және «АМӨЗ» ЖШС МӨЗ-не жеткізілуін қамтамасыз ету.

Мұнай өнімдерінің менеджменті

• Зауыттармен жұмысты жоспарлау және үйлестіру, мұнай өнімдерін жасап шығаруды қадағалау.
• Мұнай өнімдерін ішкі нарыққа және экспортқа сату бойынша қызметті ұйымдастыру;
• МӨЗ-де технологиялық үдерістің мерзімінен бұрын/жоспардан тыс тоқтап қалуын болдырмау мақсатында мұнай өнімдерін МӨЗ-нен дер кезінде әкетілуін қамтамасыз ету.
• ҚР ішкі мұнай өнімдер нарығындағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында компанияның мұнай өнімдерін Қазақстанның түрлі өңірлеріне жөнелту жоспарлары бойынша әлеуметтік міндеттемелерін орындау.

Логистика және Тасымалдау

• Мұнай өнімдерінің экспортқа және Қазақстанның ішкі нарығына жөнелту мақсатындағы теміржол тасымалдарын жоспарлау, ұйымдастыру және үйлестіру.
• Жылжымалы құрамдарды жоспарлау, ұйымдастыру, басқару және мұнай өнімдерінің экспортқа және Қазақстанның ішкі нарығына жөнелту мақсатындағы теміржол тасымалдарын үйлестіру

Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарындағы өңдеу

Компания сатып алынған шикі мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында өңделуін жүзеге асырады:
1. «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС («ПҚОП»);
2. «Павлодар мұнай химиясы зауыты» ЖШС («ПМХЗ»).
3. «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС («АМӨЗ»).

"ПҚОП" ЖШС  

Шымкент мұнай өңдеу зауыты

"ПМХЗ" ЖШС

Павлодар мұнай химиясы зауыты

"АМӨЗ" ЖШС

ЖШС Атырау мұнай өңдеу зауыты

Инь
Сянцин

Бас директор



Бас директордың Бірінші орынбасары

Пресс-релиз

2024.06.24
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
PETROSUN мұнай өнімдерінің ішкі нарығының тұрақтылығына қосқан үлесі жайында

2024.06.14
PETROSUN ҚР мұнай өнімдерінің ішкі нарығы субъектілері үшін талқылау өткізді
Бүгін, 14 маусымда онлайн режимде БҚА Төрағасының 2022 жылғы 13 маусымдағы №15 бұйрығымен бекітілген негізгі қуатқа тең қол жеткізу ережелері (бұдан әрі - Ережелер) шеңберінде туындаған мұнай өнімдері нарығына қатысушыларға жекелеген мәселелерді түсіндіру бойынша өңірлік талқылау өтті, оған сәйкес "Petrosun"ЖШС қызметі регламенттеледі.

2023.11.29
PETROSUN 362 мың тонна көлеміндегі сұйытылған мұнай газын жеткізуді қамтамасыз етті
Petrosun компаниясы 2023 жылдың 11 айының ішінде 362 744 тонна көлеміндегі сұйытылған мұнай газын (СМГ) ішкі нарыққа жеткізуді жүзеге асырды, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңінің ішіндегі көлемнен 2,33%-ға артық. Жеткізудің көбеюіне үш қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында (МӨЗ) СМГ өндірісінің артуы себепші болды.

2023.11.08
PETROSUN аграрлық қызметкерлерге жеңілдікті дизель отын жеткізілімінің 60%-дан астамын қамтамасыз етті.
Қазақстан Республикасындағы егін жинау жұмыстары кезінде 2023 жылдың шілде-қазан айлары аралығында PETROSUN компаниясы төмендетілген құнмен 186 368 тонна көлемінде дизель отынын жөнелтуін қамтамасыз етті. Бұл күзгі дала жұмыстарын (КДЖ) қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы бойынша жеткізуге жоспарланған 291 339 тоннаның 60 пайызынан астамын құрайды.

2023.10.17
PETROSUN әлеуметтік мазуттың ҚР аймақтарына жеткізілімін 42%-ға қамтамасыз етті.
2023 жылдың қыркүйегінен бастап PETROSUN компаниясы Қазақстанның өңірлеріне жалпы көлемі 22 420 тонна құрайтын мазут жеткізген. Отынмен қамтамасыз етілгендік деңгейі 42%-ды құрады. Бұл ретте Қазақстанның үш МӨЗ-інде тағы 9140 тонна әлеуметтік мазут жөнелтетіні мәлімделген.

2023.09.27
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
ШҚО-ға әлеуметтік мазутты жеткізуге қатысты жағдай туралы

2023.09.25
«PETROSUN» 150 000 тоннадан астам «әлеуметтік мазут» жеткізетін болады
PETROSUN 2023-24 жж. жылыту маусымы аясында жеткізілетін «әлеуметтік мазут» көлемін арттыруда. Компания 154 мың тонна отын жеткізуге ниетті.

2023.09.19
«PETROSUN»: 2023 ж. 8 айдағы әлеуметтік міндеттемелердің нәтижелері.
Мемлекеттік бағдарламаларды қолдау және жүзеге асыру PETROSUN компаниясының қызметі басымдықтарының бірі болып табылады. Төмендетілген бағамен дизель отынын жеткізу республиканың ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін қолдауға, сондай-ақ әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға бағытталған.

2023.07.20
Мұнай өнімдерінің нарығы. «PETROSUN» ЖШС-нің АҒЫМДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ
«PETROSUN» ЖШС-нің мұнай өнімдерін АЖҚС желілеріне сатудан негізсіз секілді бас тартулары және ЖЖМ-ді тек таңдаулы контрагенттердің шамалы санына ғана санына сатуы туралы жарияланымдарға жауап ретінде компания келесіні хабарлайды.

2022.06.15
Мұнай өнімдерінің нарығы. «PETROSUN» ЖШС-нің АҒЫМДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ
БАҚ-та және әртүрлі қоғамдық диалог алаңдарында жиілеп кеткен, «PETROSUN» ЖШС-не іскерлік беделіне нұқсан келтіретін және оның қызметі туралы бұрмаланған пікір тудыратын жарияланымдарға байланысты компания өзінің ағымдағы ахуалы мен жұмыс қағидаттары туралы хабарлайды.

Басты кеңсе

Картада

Байланыс деректері

Өкілдіктері